Мұғалім бірінші сынып оқушыларын ине мен бұрамашеге сұғып тәрбиелеген

Мұғалім бірінші сынып оқушыларын ине мен бұрамашеге сұғып тәрбиелеген
Фото: podrobno.uz

Ташкентте мектеп мұғалімі бірінші сынып оқушыларының қолдарын ине және бұрамашегемен шаншыған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Podrobno.uz" сілтеме жасап.

Жанжал Сергелия ауданының №277 мектебінде басталды, онда мұғалімдердің бірі бірінші сынып оқушыларының қолдарын инемен және бұрамашегемен шаншыған.

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары мұғалімнің үстінен мектеп директорына шағымданған.

Мұғаліммен еңбек шарты бұзылды. Сергелия ауданының ІІО қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.

Бұған дейін, Шайхантахур ауданының №167 елордалық мектебінде мұғалімбірінші сынып оқушысын ұрып-соққаны белгілі болған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Әйелін ұрғандар қалай жазаланады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә