"35 отбасының екеуі ғана қазақтар болды". Айқын Төлепберген балалық шағын еске алды

"35 отбасының екеуі ғана қазақтар болды". Айқын Төлепберген балалық шағын еске алды
Фото: Әлеуметтік желі

Танымал әнші Айқын Төлепберген әкесі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, әкесі балаларын қазақ тәрбиесіне баулаған. 

"Біздің өмірімізде әкенің рөлі ерекше. Өйткені біз Алматының қақ ортасындағы Атакент деген ақшам ауданда өстік. Бір тұрған тұрғын үйдегі 35 пәтердің ішінде 2 ғана отбасы қазақ болды. Қалған отбасының бәрі еврей, украин, орыс секілді өзге тілді болды. Көшеге шыққанда барлығы орысша сөйлесетін, ал әкеміз бізді қазақ тәрбиесіне баулады, қазақша сөйлетті, үйретті, тәрбиеледі. Қазір де үйде біз соны ұстануға тырысамыз. Сыртта жүргенде бәрі орыс тілінде, ал үйге келгенде балаларыммен тек қазақ тілінде сөйлесемін. Әкем осындай бір іргетасын ұсынды деуге болады", - деді ол. 

View this post on Instagram

A post shared by Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә