"Жабық көрсетілімде айғай салдым". Роза Әшірбаева танымал кинопродюсер Гүрнұр Мамасариповамен арада кикілжің барын айтты

Танымал блогер, коуч Роза Әшірбаева кинопродюсер Гүлнұр Мамасариповамен ренжісіп қалған. Бұл туралы коуч әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Арадағы реніштің кесірінен Гүлнұр Мамасарипова тіпті блогерді фильмінің жабық көрсетіліміне шақырмаған көрінеді. 

"Есіме бір кикілжің түсіп тұр. Осыдан жарты жыл бұрын, Гүлнұр Мамасариповамен ұрсып қалдым. Бұл масқара болды. Оқырманымның көпшілігі менен неліктен "Жар-жар" фильміне талдау жасамағанымды сұрайды. Мен ол фильмді көрген жоқпын, өйткені фильмнің жабық көрсетіліміне мен шақырылмадым. Тура "Жар-жар" фильмі жарыққа шығардың алдында ұрсысып қалған едік. Апам (Гұлнұр Мамасарипова) менімен бірге жүретін барлық блогерді фильмінің жабық көрсетіліміне шақырды да, мені шақырған жоқ", - дейді ол.

Коуч кикілжіңнің қалай басталғанын егжей-тегжейлі түсіндірді. 

"Былтыр құрбыларыммен басқа қазақстандық режиссердің фильмінің жабық көрсетіліміне бардық. Көрсетілімде барлық блогер, журналист, өнер адамдары жүрді, фильм соңында бәрі шапалақ ұрып жатқанда, мен құрбыларыммен тұрып, "фильм өте нашар, мұндайды түсіруге кімнің басы жетті, қашан қоясыңдар мұндайды" деп айғай салдық. Бәрі шок болды. Мен біреудің фильмін бостан-босқа жамандамаймын ғой, егер жақсы фильм болса, әрине оны мақтаймын, бірақ сол кездегі фильм өте нашар болды. Өйткені бұл фильмде әйелдерді ақымақ қылып көрсететіндей етіп түсірген. Біз фильм аяқталғанша әрең шыдадық. Біз солай айғайлап тұрғанда Гүлнұр апам тура біздің арттағы қатарда отыр екен. Гүлнұр ханым да менің реакциямнан шок болды. Фильмді негізі басқа жігіттер түсірген, бірақ Гүлнұр Мамасарипова оларға осындай фильм түсіріңдер деп ой салған екен. Мен және құрбыларымның мұндай реакциясын көрген блогердің бәрі көрді, барлық видеода мен айғайлап жатырмын. Содан ешкім бұл фильм туралы айтпады, фильм көрермендерге жол тартпады, сәйкесінше, ақша да жинамады. Осы жайттан кейін Гүлнұр апамның "Жар-жар" фильмі жарық көрді. Мен оның жабық көрсетіліміне шақырту алмадым. Кейіннен ортақ таныстардан Гүлнұр апамның мені сол қылығымнан кейін жақтырмай қалғанын естідім", - дейді ол.

"Жар-жар" фильмі көрерменге жол тартқаннан 10 күннен кейін Роза Әшірбаева мен Гүрнұр Мамасарипова бір телебағдарламаның қонағы ретінде шақырылған. 

"Кейінірек шамамен араға 10 күн салып мені бір телебағдарламаға қонаққа шақырды. Бағдарлама түсірілімін бастардың алдында грим жасайтын бөлмеге бардық, сөйтсем онда Гүл әпшем отыр екен. Ол мені көргенімен, өзіне жақын тартпады. Әрине, мен оны ренжітіп алғанымды түсіндім. Дегенмен ол мені жақтырмаса да, ешқайда кетіп қала алмады, себебі біз ол бағдарламаға қонақ болып шақырылғаннан кейін, сонда бірге отырып, әңгімелесуге міндеттіміз. 

Сөйтіп грим жасайтын бөлмеде гүл әпшем екеуміз отырмыз. Апам томырайып отыр, менімен сөйлеспейді, тіпті мен жаққа қарамайды. Мен болсам соңына дейін қайтпай, оған қарап сөйлей бердім. "Гүл әпше, білесіз бе, мен сіздің "Келінжан" сериалыңызға талдау жасадым ғой" дедім, ол бұған "иә, көбісі жасады ғой" деп жауап берді.

Мен сонда да қайтпай, оған сол талдаудан кейін көп оқырманым маған ренжігенін айттым. Өйткені мен талдау жасағанда, көбінесе, фильмнің продюсер, режиссерін жамандаймын, ал "Келінжанның" талдауында мен Гүл әпше туралы жаман ешнәрсе айтқан жоқпын, керісінше, мақтадым. Сосын апам түсінбей, таңғалды", - дейді коуч.

Роза Әшірбаева неліктен танымал кинопродюсер мен сериал туралы теріс пікір айтпағанын түсіндірді. 

"Негізі кино әлем бойынша ең қиын саланың бірі. Сонымен қатар, кино әлемде ер адамдардың саласы болып есептелінеді. Танымал продюсер, режиссер бәрі - ер адамдар. Ал Гүрнұр Мамасарипова қазақ кино саласында, біріншіден, мол тәжірибесі бар, ер адамдармен теңдей жобаларды іске асырып жүрген әйел. Сондықтан "әйел әйелдің көзін шұқымайды" демекші, мен ол кісіні өз ісінің маманы ретінде сыйлаймын. Гүл әпшеме де тура осылай айтып, оны қолдап, сыйлайтынымды жеткіздім. Бұл әңгімемнен кейін апам жібіді, маған қарай жақындап, әңгімесін айтып бастады. Сөйтсем, Гүлнұр Мамасарипова ол жігіттерге жарыққа шықпай қалған фильмнің бас идеясын ғана айтқан, бірақ оның фильмнің түсірілу барысына қатысы жоқ екен. Сөйтіп екеуміз ашылып, әңгіме айтып кеттік", - деп қорытындылады блогер. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Әйелін ұрғандар қалай жазаланады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!