Дәрігер жемістерді қайнаған сумен және тұзбен жууға кеңес берді

Жемістер мен көкөністердегі ішек құрттары және олардың жұмыртқалары адамға қауіпті болуы мүмкін. Олардан арылу үшін адамдар әдетте жеміс-жидектерді және көкөністерді жуады. Алайда иммунолог Анна Русанованың айтуынша, бұл жеткіліксіз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газете.Ru"-ге сілтеме жасап.

"Паразиттердің көп екенін түсіну маңызды және олар әртүрлі, сондай-ақ олар үйреншікті өмір сүру ортасымен де ерекшеленеді. Мысалы, жуылмаған жемістер мен көкөністерде көбірек кездесетін ішек құрттары бар. Бұл нематодаларға (жұмыр құрт) да қатысты. Оған аскаридалар, бәсір және трихинеллалар кіреді. Бұл паразиттердің барлығы адам ағзасына жемістер мен жидектерде қалып қойған жер бөлігімен түседі. Сондықтан оларды жақсылап тазарту керек, - дейді маман.

Құрттарды жұқтырып алмас үшін жеміс-жидектер мен көкөністерді жай сумен жуа салу жеткіліксіз.

"Жемістер мен көкөністерді жууға арналған арнайы құрал қолдану керек. Қазір олар кез келген супермаркетте сатылады. Алайда ыдыс жуатын құрал қолдануға болмайды. Жемістер мен көкөністерді, тіпті, "эко" немесе "балаларға арналған" деген жазуы бар ыдыс жуатын құралдармен де жумаңыз. Себебі олардың сабыны толықтай шайылмайды, сол үшін ағзаға зиян келуі немесе өнімдерге сабын дәмі сіңіп қалуы мүмкін", - дейді Анна Русанова.

Егер қандай да бір себеппен арнайы құрал алғыңыз келмесе, паразиттерден арылуға көмектесетін халықтық әдістер де бар. Мысалы, апельсин, мандарин, грейпфрут, лимон және басқа да цитрусты жемістерді алдымен қайнаған суға салып, содан соң суық сумен шайып алуға болады. Анна Русанованың айтуынша, жемістер мен көкөністерді ас содасы немесе тұз ерітіндісіне бір сағатқа салып қойып, содан соң суық сумен шайып алуға болады.

Оқи отырыңыз: Ағзаңызда ішек құрттары бар екенін қалай білуге болады?