"Сүтке салыңыз". Тіс сынып қалса не істеу керек?

Стоматологияға адамдар әдетте тіс жегі проблемасымен келеді. Алайда тіс зақымымен де келетіндер өте көп. Тіс сынған кезде ең алдымен не істеу керек? Бұл сұраққа "Doctorpiter"-ге хирург-имплантолог Магомед Дахкильгов жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аздап соғып алу, үлкен жырық немесе жарықшақ жағымсыз салдарлардың себебіне айналуы мүмкін: инфекция тісті қоршап тұрған тіс ұлпасына (пульпа) немесе жұмсақ тінге кіріп кетуі мүмкін. Ол тіс жегінің дамуына, пульпит, периодонтит, периостит және басқа да қауіпті диагноздарға әкелуі мүмкін. Тісті сындырып немесе шығарып алған кезде тістің түбін және тіс ұлпасының, оны қоршаған тіндердің жағдайын бағалау маңызды. Мысалы, тіс түбінің жүйесі сау ма? Каналдарда инфекция бар ма? Тіс байламдары қаншалықты зақымдалған? Тісті пломбамен, коронкамен қалыпқа келтіруге бола ма немесе оны жұлып тастап имплант салу керек па? 

Сол үшін де тіс зақымдалған кезде ең алғашқы көмек - жедел стоматологқа қаралу. Ең дұрысы, өзіңіздің дәрігеріңізге бару, бірақ егер жағымсыз жағдай басқа қалада демалыс кезінде немесе қала сыртында болған болса, жақын жердегі емханаға жазылған жөн. Үйде өз бетіңізше тіс жағдайын бағалай алмайсыз. Дәрігерлер бұл мақсатта рентген, КТ, электроодонтодиагностиканы қолданады.

Алғашқы көмек: не істеуге болады?

Қабынуға қарсы әсері бар ауырсынуды басатын дәрі ішуге болады. Ал тіс зақымы кезіндегі ісінуді суық компреспен кетіруге болады. Мысалы, мұзды дәкеге орап, оны бетіңізге 5-10 минутқа басыңыз. Бұл сондай-ақ қан ағуды тоқтатуға көмектеседі, себебі суық қан тамырларды тарылтады.

Содан соң тістің сынығын табуға тырысыңыз. Бұл біртүрлі естілуі мүмкін, бірақ стоматолог оны орнына қойып беруі мүмкін. Бұл әдіс "реплантация" деп аталады: стоматолог тіс сынығын орнына қойып, оны шинамен бекітеді. Бірақ ол үшін тіс сынығын тауып, оны сүтке, жылы суға немесе натрий хлоридіне салу керек. Оны жууға немесе оны спиртпен, антисептикпен сүртуге болмайды. Ештеңе таппасаңыз да дәрігер тіс бүтіндігін қалыпқа келтірудің әдісін табады. 

Не істеуге болмайды?

  • Жағдайға мән бермеу. Тіс зақымы кезінде жұмсақ тіндер зақымдалады, инфекция кіріп кету қаупі жоғары. Сондықтан оны емдемеу қауіпті қабыну ауруларына әкелуі мүмкін.
  • Тіс сынығын өз бетіңізше орнына қоюға тырысуға болмайды. Бұл кезде міндетті түрде инфекция кіргізесіз. Сондай-ақ тісті дұрыс қоя алмайсыз және қойғанның өзінде бекіте алмайсыз. 
  • Егер тіс қисайып кетсе, оны орнына келтіруге тырыспаңыз. Сіз байламдар мен жұмсақ тіндерді одан сайын зақымдап алуыңыз мүмкін. Оны тек дәрігер жасауы керек.

Оқи отырыңыз: Стоматолог тіс тазалау кезінде әрбір адам жіберетін қателікті атады