Ауылда жүрген аю жұртты шошытты

Желіде ауылда жүрген аюдың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ке сілтеме жасап. 

Жизақ облысының экология департаменті Дустлик ауылында аюдың жүргенін растады. Мамандар жануарлардың ауылға кіріп кетуін алдын алу үшін шаралар қабылдап жатыр.

Сәуірдің 17-сіне қараған түні Янгиабад ауданы Дустлик ауылындағы Шақан махалласының аумағына аю кіріп кеткен. Таңертең ол орманға оралды. Жануар тұрғындарға, ғимараттарға және малға зиян келтірмеген.

Қазір аудандық табиғатты қорғау инспекциясы мен облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері халық тұратын жерлерге аюлардың кіріп кетуіне жол бермеу шараларын қолға алып жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!