Су тасқынынан зардап шеккендердің кредиті 3 айға шегеріледі

Су тасқынынан зардап шеккендердің кредиті автоматты түрде 3 айға шегеріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл кезде айыппұл мен өсімпұл салынбайтыны айтылды. Ол үшін банкке немесе микроқаржы ұйымына жүгіну қажет.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, кейінгі дерек бойынша 117 142 адам, оның ішінде 40 833 бала құтқарылған. 113 852 мал қауіпсіз жерге айдалған. 17 547 адам үйіне оралды.

Эвакуациялау пункттерінде 6 932 адам, оның ішінде 3 111 бала бар.

Айта кетейік, Атырау облысы Жылыой ауданында 650 отбасы біржолғы материалдық көмек алды. Тұрғындардың есеп-шоттарына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 369 200 теңге түсті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз