Көлік екіге бөлінді: Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды

Көлік екіге бөлінді: Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: Видео кадры

Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды.

Кадрларда көліктің екіге бөлінгені көрінеді. Видеода екі мәйіттің қатар жатқанын көруге болады.

Куәгерлердің айтуынша, апат Өтеген батыр ауылының (МАЭС) маңында, Еркін ауылына бұрылыста болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🅺🆁🅸🆂🅿🅸_🅰🅻🅼🅰🆃🆈 (@krispi_kaz)

Алматы облысының полиция департаменті өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты.

"Биыл 16 сәуірде Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі Байсерке кентінің көшелерінің бірінде солға бұрылып келе жатып, қарсы келе жатқан Lexus көлігімен соқтығысқан. Daewoo Nexia көлігіндегі бір жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, түрлі дене жарақаттарымен Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі Өтеген батыр ауылындағы ауруханаға жеткізіліп, есін жимай, жансақтау бөлімінде қайтыс болды", - деді полицейлер.

Бұл дерек абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін Іле аудандық ішкі істер бөліміне тіркелді.

"Қазір барлық қажетті сараптама тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция қызметкерлері. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек