"Қызыма жақсы көргендіктен өлтірді деп айтқан". Бишімбаевтың бұрынғы әйелі балалардың жағдайы туралы айтты

Сот отырысының бірінде кісі өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев бұрынғы әйелі ата-анасын бопсалап, немерелерімен араласуға кедергі келтіріп жатқанын айтты. Назим Қаһхарман әлеуметтік желіде тағылған айыптарға жауап беріп, неге экс-министрдің ата-анасымен байланысын үзгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Назым Қахарманның айтуынша, 10-11 қарашада-ақ балаларына оқиғаның барлығы түсінікті болған. 

"10-11 қарашада маған да, балаларға да бәрі түсінікті болды. Қазір қоғам естіп отырған ақпаратты, біз сол кезде сараптама мен қандай да бір қорытынды шықпай тұрып естігенбіз. Бәріне өзі кінәлі. Оған қоса, олар менің қызыма әкесі оны жақсы көргендіктен өлтірді деп айтқан. Сондай-ақ, осыған ұқсас жаман заттар айтылды. Оның бәрін айтып отырғым келмейді. Өйткені менің де, балалардың да айтылған сөздерден құсқымыз келеді. Мен ана ретінде мұндай тәрбие түріне қарсымын. Сондықтан олармен байланысты шектеу туралы шешім қабылдадым. Балаларым да мұны түсініп, мені қолдады", - деп жазған ол. 

Оның айтуынша, бұл шешімді балалары қолдаған.

Еске салайық, бұған дейін Назым Қахарман балаларының тегін ауыстыруына қатысты пікір білдірген еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!