Маңғыстауда 1 ай бұрын жоғалған адам әлі табылмай жатыр

Маңғыстау облысында Дәурен Жапарбаев бір ай бұрын жоғалып кеткен. Туыстары оны іздеп жатыр. Бұл туралы Lider.kz жобасының басшысы Давид Миникаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Дәурен Жапарбаев 1967 жылы дүниеге келген. Ол 27 наурызда Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында жоғалып кетті. Lider.kz деректері бойынша ер адам Алматыда болуы мүмкін.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері жоғалған адам ресми түрде іздеуде екенін растады.

Ер адамның орналасқан жері туралы ақпараты бар адамдардан +7 (700) 911-72-92 немесе 102 телефон нөмірлері бойынша хабарласу сұралады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!