Су тасқыны: Құлсары тұрғындары Маңғыстау облысына эвакуацияланды

Құлсары тұрғындары Маңғыстау облысына эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап. 

Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты Құлсары қаласынан Маңғыстау облысының қалалары мен аудандарына 26 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Адамдар уақытша орналастыру пункттеріне, туыстары мен еріктілер үйлеріне орналастырылды.

Үкіметтің тапсырмасымен ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті материалдық құндылықтар қорынан эвакуацияланған халық үшін азық-түлік, төсек-орын жабдықтар және т. б. материалдық құндылықтарды броньдалып беріліп жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!