Қызылорда облысында есірткі арнасы жойылды

Қызылорда облысында есірткі арнасы жойылды
Фото: ҰҚК

Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің өңірлік арнасын жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметі.

2024 жылғы наурызда Қызылорда қаласында 3,5 келі апиынды сатуға әрекеттенуі кезінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталды.

Одан бөлек, қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина