"Нақты шешім қабылдағанмын". Өнерден кеткен Айдана Меденова сахнаға қайта оралуға қатысты ойын айтты

"Нақты шешім қабылдағанмын". Өнерден кеткен Айдана Меденова сахнаға қайта оралуға қатысты ойын айтты
Фото: instagram.com/aidanamedenova_officialpage/

Өнерден кеткен танымал әнші, "КешYou" тобының экс-солисі Айдана Меденова сахнаға қайта оралуға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің Instagram-желісіндегі парақшасында оқырманы оған қайта ән шырқауға қатысты сұрақ қойған. Айдана Меденованың айтуынша, ол өзі үшін нақты әрі соңғы шешім қабылдаған.

"Мен бұдан былай сахнада ән айтпаймын деп нақты шешім қабылдағанмын. Сондықтан, егер мен сахнаға шықсам, оның ән айтумен байланысы болмайды.
Мына әйел оранған, бірақ ән айтады, ал басқа әйел намаз оқиды, бірақ ән айтады деп түрлі мысал келтірудің қажеті жоқ. 
Әркімнің өз таңдауы бар.
Мен өз таңдауымды жасадым, Альхамдулиллах", - деп жауап берген ол.

Айта кетейік, бұған дейін өнерден кеткен әнші Айдана Меденова орамалға қалай келгенін түсіндіргені хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Байлық туралы мақал-мәтелдер

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә