Өнерден кеткен әнші Айдана Меденова орамалға қалай келгенін түсіндірді

Өнерден кеткен әнші Айдана Меденова орамалға қалай келгенін түсіндірді
Фото: instagram.com/aidanamedenova_officialpage

Өнерден кеткен танымал әнші, "КешYou" тобының экс-мүшесі Айдана Меденова Желідегі парақшасында орамалға ұзақ уақыт бойы келгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ол орамалды алғашында тек намаз оқыған кезде киіп жүрген. 

"Архивтен қандай сурет тауып алғанымды қараңыздар.
Ол кезде мен орамалды тек намаз оқығанда тағатын едім және "жақында Алла мені әкеледі, ол мені тастамайды" деп ойлайтын едім. Альхамдулилла мен бұл суреттерге қарап, осы жолды ризашылықпен еске аламын.
Әйтпесе менің орамалға келуіме қатысты мезгіл-мезгіл әр түрлі пікір жазылатынын көремін. Мысалы, "қалай тез", "енді ән айтпай ма?", "әртістен үй шаруасындағы әйелге айналды".
Иә, мен енді ән айтпаймын, бірақ мен шығармашылықты барлық жерде және онсыз табамын.
Бір күні мен сіздергеге инстаграмнан білетіндеріңізден көбірек айтып беремін. Айтпауым да мүмкін, кез келген жағдайда әркім өзіне ойлауға ыңғайлы және жағымды жағын таңдайды", - деп жазған әнші.

Айта кетейік, бұған дейін "Алладан алыстататын заттардан ақырындап бас тартуымыз керек". Әнші Айдана Меденова не себепті өнерден кеткенін айтқаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақтың алғашқы ханы Керейдің неше баласы болды?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә