Алматы облысында 22 жастағы қыз синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан

Алматы облысында 22 жастағы қыз синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Синтетика өндірген ірі есірткі зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары Алматы облысы Іле ауданының аумағындағы саяжайда синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан 22 жастағы алматылықты ұстады.

"Жауап алу кезінде ол жоғары ақы төленетін жұмысты Telegram арқылы тапқаны белгілі болды", - деді Жетісу облысы ПД бастығы Сарқытбай Құсаинов.

Саяжайды тінту кезінде шамамен 44 келі мефедрон және 2 келі "пирролидиновалерофенон – Α-PVP" синтетикалық заты, есірткі өндіруге қажет реактивтер мен құралдар, сондай-ақ, 28 мың АҚШ доллары тәркіленді.

"Құқық қорғау қызметкерлері 45 келі аса синтетикалық есірткіні тәркіледі, бұл бір рет қолданатын 90 мың дозаға тең. Оның құрамы тиісті сараптамамен расталды. Есірткі заттарын заңсыз жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", – деп түйіндеді Құсаинов.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, есірткі Қазақстан аумағында сатуға арналған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова