Қазаққа келін болып түскен таиландтық қыз отбасылық өмірі туралы айтты

Қазаққа келін болып түскен таиландтық қыз отбасылық өмірі туралы айтты
Фото: Маңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы"

Маңғыстау тұрғыны Мирас пен Таиландтың тумасы Ихваның тойы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Бірақ жігіттің жақындары қарсылық танытпаған. Тойда қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері сақталған, тіпті қалыңдыққа сырға салынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Жігіттің ата-анасының айтуынша, келіні басқа ұлт өкілі болады деп ойламаған, сондықтан олар бұл жайтқа дайын болмаған. Бірақ Мирастың ата-анасы жаңа түскен келін өте қонақжай екенін айтты.

Жігіттің туысы Анар Сисенова Мира мен Ихва интернетте танысып, бірге ағылшын курстарына қатысқанын айтты.

"Біраз уақыттан кейін Мирас үйленемін деп шешті. Бұл шешімін бізге айтты. Әрине, бәріміз таңғалдық, бірақ кейін келістік. Қазақтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына сай келін түсірдік", - дейді ол.

Жас келін Қазақстан Таиландтан қалай ерекшеленетінін айтты.

"Қазақстан мен Таиланд арасында көптеген айырмашылық бар: халқы, ауа райы, ұлттық киімдері мен әдет-ғұрыптары әртүрлі. Ұлттық тағамдарында да үлкен айырмашылық бар. Таиландта тұрғындардың басым көпшілігі күріш пен ащы тағамдарды жейді. Мұнда бәрі басқаша. Мені қазақтың ұлттық тағамдары таңғалдырды", - дейді Ихва.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова