Алматының Медеу ауданында қар көшкіні жүрді

Алматының Медеу ауданында қар көшкіні жүрді
Фото: ТЖД

Бүгін Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан қар жинағыштарында (Альпинисттік лагерьдің маңы) көлемі 4000 текше метр қар көшкіні түсті. Зардап шеккен адамдар жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Қазгидромет синоптиктерінен қатты жауын-шашынның түсуіне, үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты көшкін қаупі сақталатыны туралы № 17 дауылды ескерту жарияланды. ТЖД өңірде көшкін қаупі сақталатынын еске салады, азаматтардан қарлы беткейлерге шықпауды, тіпті таулы жерлерге бармауды ұсынады.

ТЖД және "Қазселденқорғау" мамандары Алматы өзендеріндегі жағдай тұрақты екенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта "Қазселденқорғау" ММ Алматы қалалық пайдалану техникалық басқармасының 10 гидропосты жұмыс істейді, олар тәулік бойы өзендердегі гидрометеорологиялық жағдайды бақылауда.

"Өздеріңіз білетіндей, қала арқылы Ақсай, Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы өзендері ағады. Жауын-шашынға байланысты өзендерде су шығынының шамалы ғана су деңгейінің көтерілуі байқалады, сондай-ақ көлбеу ағынға байланысты судың лайлануының 2 баллға дейін артуы байқалады", - делінген Алматы қалалық ТЖД хабарламасында.

Бұдан басқа, "Қазселденқорғау" мамандары селден қорғау құрылыстарының техникалық жай-күйіне тексеру жүргізеді.

"26 наурыздан бастап Алматы ТЖД жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды, жедел штаб жұмыс істейді, қосымша тәулік сайын "Қазселесашита" қалалық филиалы 20 адамнан тұратын механикаландырылған бригада құрылды, сондай-ақ самосвалдарды, тиегіштерді, крандар мен экскаваторлардың екі бірлігін тарта отырып, олар коммуналдық қызметтермен бірлесіп өзен арналары мен тұндыру бассейндерін тереңдету жұмыстарын жүргізді", - деді Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

16 сәуірде, сағат 4:00-ден бастап Алматыда жаңбыр жауа бастады, ол үзіліспен 17 сәуірдің таңына дейін күтіледі. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, сағат 9:00 - де қалада 14 мм, "Медеуде" - 21 мм, Каменск үстіртінде-28 мм Жауын-шашын түскен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина