Атырауда халық эвакуацияланып жатқаны рас па?

Атырауда халық эвакуацияланып жатқаны рас па?
Фото: azh.kz

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов төтенше жағдайға қатысты тарап жатқан кейбір қауесеттер мен пікірлерге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.

"Қалада эвакуация жарияланған жоқ. Бөгеттерді нығайту жұмыстарына бөлінген қаражаттың барлығы өз мақсатына жұмсалады. Өңір үшін қиын жағдайда азаматтарымыз бірлік пен батылдық танытып, өз қалаларын су тасқынынан қорғауға бірауыздан жұмылып жатыр", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда каналдарда бос орындар дайындалып жатқаны хабарланды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова