Алматыда 17 сәуірдің таңына дейін толассыз жаңбыр жауады

Алматыда 17 сәуірдің таңына дейін толассыз жаңбыр жауады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда жаңбыр толассыз жауып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласында сағат 04.00-ден басталған жаңбыр арасында тоқтап 17 сәуірдің таңына дейін жалғасады. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, сағат 09:00-де қалада 14 мм, Медеуде 21 мм, Каменск үстіртінде 28 мм жауын-шашын түскен.

ТЖ бойынша жедел кезекшінің ақпаратынша сағат 09:00-дегі жағдай бойынша су жиналатын 12 учаске (жеке тұрғын үйлердің ауласында 6 жағдай, көшелерде 6 жағдай) тіркелді, олар жедел жойылды. Оған арық желілерінің бітелуі себеп болған.

Күндізгі ауысымға 425 бірлік арнайы техника және 802 жұмысшы жұмылдырылды. Мотопомпа, тазалаушы заттармен және басқа да қажетті шанц құралдарымен жарақтандырылған 52 жедел мобильді бригада жол астындағы арық арқылы судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету және проблемалық учаскелердегі су тасқынын жою үшін кезекшілік ұйымдастырылды. 2,3 мың қап құм дайындалды. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина