Атырауда Жайық деңгейі қанша сантиметрге көтерілді?

Атырауда Жайық деңгейі қанша сантиметрге көтерілді?
Фото: © Massaget.kz 2024. Nurzhan Rysbekov

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Жайық деңгейі өзгерген. Кейінгі тәулікте БҚО аумағынан су келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы мәліметінше, Индербор кентінің су бекетіндегі деңгейі 538 сантиметр, су деңгейі 10 сантиметр-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы 315 сантиметрге көтерілген.

Жайық өзенінің Махамбет кентіндегі су деңгейі 664 сантиметр, су деңгейі 10 сантиметрге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы 347 сантиметрге көтерілген.

Жайық өзенінің Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 387 сантиметр, су деңгейі 14 сантиметрге, ал жалпы су тасқыны басталғаннан бері 196 сантиметрге көтерілген.

"16 сәуірде Иректі су қоймасынан 510 текше метр су келді, 447 текше метр су жіберілді", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда каналдарда бос орындар дайындалып жатқаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова