Кентауды су басты деген ақпарат тарады: қаладағы жағдай қандай?

Кентауды су басты деген ақпарат тарады: қаладағы жағдай қандай?
Фото: Кентау қаласы әкімдігі

Әлеуметтік желіде Кентауда қатты жаңбыр жауып, су тасып жатқаны туралы ақпарат тарады. Massaget.kz тілшісі жағдайды анықтау үшін әкімдіктің баспасөз қызметіне жүгінді.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, нөсер жауын сейілген, алаңдауға негіз жоқ, жағдай тұрақты. Алайда үйлер мен кәсіпкерлік нысандарға зардабын тигізген.

"15 сәуірде сағат 16.00-ден 17.10-ға дейін болған жауын-шашынның салдарынан Кентау қаласындағы 3 жеке тұрғын үй ауласы мен 1 үйдің жертөлесін, 1 үйді толықтай және "Салиха ана" базарындағы 26 (бутик) кәсіпкерлік нысанды су басты", - деп жазылған хабарламада.

ТЖД күштері мен жергілікті әкімдік қызметкерлері суды сору және бұру жұмыстарын жүргізген. Жағдай тұрақты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова