"Күйзелістемін, Дубайға апарыңдар". Бес жастағы баланың тапқырлығы жұртты күлдірді

Желіде кішкентай бүлдіршіннің "күйзелісте" екенін айтып, жылаған видеосы тарады. Видеоны @qozhaiyn аккаунты жариялаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоға 21 172 ұнату белгісі басылып, 2000-ға жуық пікір жазылған. Бейнежазбадан бес жастағы балақай "менде депрессия, Дубайға апарыңдар" деп жылаған сәтін көруге болады.

"Мұқанайда депрессия. Түпсаналары бөлек ұрпақ. "Богатый мышление" ме қалай еді⁉️ Бірақ жетісіп жүрген ешкім жоқ қазір. Мұқантайды қолдайсыздар ма?", - деп жазды видео авторы.

Желі қолданушылары өздерінің бала кезін еске алып, балақайдың іс-әрекетіне таңғалды. "Біздің ем - шапалақ еді", "қазіргі балалар бақытты, бұрын біз 25 теңгенің балмұздағы мен 5 теңгенің сағызын сұрайтын едік", "Мұқанайдае кейін "неге Дубайды ойламағанмын" деп отырмын, жасым 50-ден асты", "мұндай кезде депрессияның , Дубайдың қайда екенін білмей өсіп едік", "мамасының сөздері сияқты" деп жазды олар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!