Ақмола облысы тұрғыны жеңгетайлықпен айналысу үшін притон ұйымдастырған

Ақмола облысы тұрғыны жеңгетайлықпен айналысу үшін притон ұйымдастырған
Фото: Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында притон ұйымдастырушы полицейге пара беруге тырысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көкшетау қаласының тұрғыны полиция қызметкеріне притон ұйымдастыру ісінде оны жауапқа тартпағаны үшін пара бермек болған.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесі ұсынған ақпарат бойынша Өзіндік қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлері қолма-қол ақша беру кезінде 44 жастағы С.-ны ұстады.

Пара бергені және жезөкшелік, жеңгетайлықпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны үшін оған қатысты соталды тергеу басталды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова