Елімізде су тасқынына байланысты қанша жол жабылды?

Елімізде су тасқынына байланысты қанша жол жабылды?
Фото: © pixabay.com

Қазавтожол су тасқынына байланысты қанша жол жабылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"16 сәуірдегі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 6850 метр болатын су тасыды", - делінген хабарламада. 

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 411 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазір республикалық жолдарда 534 бірлік техника мен 1134 адам жұмылдырылған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек