Адамдар қауіп бар екенін түсінуі қажет - ТЖМ басшысы су тасқыны туралы

Адамдар қауіп бар екенін түсінуі қажет - ТЖМ басшысы су тасқыны туралы
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ТЖМ басшысы Шыңғыс Аринов Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы және елдегі қазіргі су тасқынының салдары туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шыңғыс Баринов Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай өте күрделі екенін жасырмады.

"Құтқарушылар уақытылы әрекет етіп , полиция қызметкерлері және барлық мүдделі әріптесімізбен бірлесіп эвакуация жүргізді. Қазір біз мысық, ит, көгершін секілді шатыр үстіндегі үй жануарларын бақылап отырмыз. Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Бүгін мен өзен бойымен Ресейге қарай ұшып өттім, Есіл өзенінің бойындағы барлық дерлік ауыл тәуекел аймағына жатады. Бүгін мен адамдардың соңғы минутқа дейін жүретінін көрдім", - деді Шыңғыс Аринов.

ТЖМ басшысының сөзінше, адамдар барлық мүлкін өздерімен алып кетуге тырысып, су үйлеріне жеткенше уақыт созып жүреді.

"Олар эвакуация пунктіне келіп, үйлеріне оралуға тырысады және айтарлықтай қауіп жоқ деп ойлайды. Тұрғындарға өтініш білдіргім келеді: сіз алдын-ала эвакуациялана аласыз, біз көлікпен қамтамасыз етеміз. Біздің жігіттер құтқарушылар, олар заттарды тасымалдап жатыр, малдарды да қуып жүр. Олар алаңдаулы және халыққа тиетін зиянды барынша азайтуды көздеп отыр. Салдардың алдын алу - біздің міндетіміз, малдың, тіпті үй жануарларының да өліміне жол бермеу. Мұның бәрі біз үшін бірінші мәселе", - деді ТЖ министрі.

Шыңғыс Баринов Қазақстандағы су тасқыны жағдайының болжамы туралы да айтты.

"Болжам белгілі. Колутон, Жабай өзендері де жұмысымызды арттырады. Бірақ, қазір барлық негізгі назар Батыс Қазақстан облысына аударылды. Орынборда болған жағдай бәріне белгілі, мұндай жағдай біздің еліміздің аумағына да келеді. Әрі қарай Атырауға қарай жылжып, Каспийге кіреді. Біздің міндетіміз - дұрыс әрекет етіп, тәуекел аймағына түсетін елді мекендерді алдын ала эвакуациялау. Рельефке сәйкес, төменде орналасқан ауылдарды эвакуациялаймыз және адамдар қауіп бар екенін түсінуі қажет", — деді Шыңғыс Аринов.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә