"Мәдениетсіз болып көрінгіңіз келді ме?" Желіде құрбақа етін жеген Қайрат Әділгерей қызу талқыға түсті

Желіде танымал актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі Қытайда фильмнің түсірілімінде жүр. Ол әлеуметтік желідегі парақшасына құрбақа етін жеп көргені бейнеленген видеосын жүктеп, көпті ашуландырды.

"Құрметті достар, Қытайға келдік. Мынау қуырылған құрбақа, қазір жеп көремін. Тауықтың дәміне ұқсайды. Қатты пісірілген тауық еті секілді дәмі. Қытайға келіп тұрып, бақа жеп көрейік деп, көрдік", - дейді ол видеода.

Бұған Желі қолданушылары ашуланып, түрлі пікір қалдырған. 

"Мәдениетсіз адам болып көрінгіңіз келді ме? Әлде жалпы осындайсыз ба?", "Харам нәрсені жемеңіз", "Адамды ұшындырып өлтіресің", "Туған қалаң судан қорғанып жатыр, сен болсаң ішкен жегеніңді түсіріп мәз болып жүрсің", "Мұсылман адамға болмайды ғой, харам", "Қарап отырып жиіркенеді екенсің", "Жерге лақтырғаның не? Мәдениет қайда?", "Мәдениетсіз! Жиіркенішті болса, жеме. Оған қоса, бұлай осы тағамды қанша жылдан бері жейтін адамдардың алдында жасау дұрыс емес. Бұл видео арқылы сіз не көрсеткіңіз келді? Таза екеніңізді ме әлде олардан жоғары екеніңізді ме? Қайран қазағым", - деп жазған ол. 

Айта кетейік, бұған дейін "Біреудің көңіліне, ниетіне қараймын". Қайрат Әділгерей қаламақысы қанша екенін айтқаны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Айдың 15 күні туған адамдар қандай болады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!