"Туғанынан естімейді және сөйлемейді". Мылқау әйелдің адам танымастай өзгерген видеосы жұртты тәнті етті

Желіде мылқау әйелдің адам танымастай өзгерген видеосы тарады. Видео авторы - сұлулық салондарының иесі Бота Әбдіраманова, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ардақ 30 жаста. Ол туғанынан сөйлемейді және естімейді. Ол тұрмыста 4 жыл болған. Өкінішке қарай, неке бұзылған. Ардақтың әзірге балалары жоқ. Ол біздің сұлулық салонда жұмыс істейді. Ол ақылды, әдемі және ұқыпты. Оны көргенде оның шашының қара түсі мен түсініксіз шаш үлгісі оған жараспайды деп ойладым. Сондықтан оны өзгертеміз деп шештік. Біздің жұмысымыздың бағасын беріңіздер", - дейді Бота Әбдіраманова видеода.

"Өте сұлу әйел, сіз оны одан әрі сұлу еттіңіз", "Осындай адамдарға жұмыс істеуге мүмкіндік беретініңіз үшін рақмет, қандай әдемі", "Керемет", "Оған фотомодель болып жұмыс істеуге болады", - деп жазды желі қолданушылары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!