Атбасарда халық эвакуацияланып жатыр

Атбасарда халық эвакуацияланып жатыр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақмола облысы Атбасар ауданында 50-ден аса адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Есіл өзенінің деңгейі күрт өсуіне байланысты Самарқа ауылынан Ақмола облысының Атбасар қаласына 53 адам, оның ішінде 25 бала, сондай-ақ, үй жануарлары эвакуацияланды.

ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күшімен тәулік бойы қосымша бөгет салу, инертті материалы бар қапшық салу, су айдау жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов су тасқыны жағдайына байланысты аудан тұрғындарына бейнеүндеу жариялаған еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова