Бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов жаңа қызметке тағайындалды

Танымал боксшы Мерей Ақшалов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығы негізінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры лауазымына Мерей Төлегенұлы Ақшалов тағайындалды.

Мерей Ақшалов – бокстан әлем (2013) және Азия (2013) чемпионы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. "Жыл спортшысы-2013" атағының иегері, "Азияның үздік боксшысы" (2013 жыл). 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қатысушысы.

1988 жылы қазіргі Абай облысының Аягөз ауданына қарасты Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі. Бүгінгі таңда бокстан мемлекеттік жаттықтырушы. "Құрмет" орденімен марапатталған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз