Жетісу облысында екі бала өзеннің ортасында қалып қойған

Жетісу облысында екі бала өзеннің ортасында қалып қойған
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жетісу облысында өзеннің ортасында қалған кәмлетке толмаған балалар құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаратал өзенінде Үйтас саяжай қоғамының ауданында екі бала ересектердің қарауынсыз шомылып, өзеннің ортасына жүзіп, жағаға өз бетінше орала алмаған. Жетісу облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оларды құтқарды.

2011 жылы туған екі бала жағаға жеткізілген, оларға медициналық көмек қажет болмаған.

"Құтқарылған балалармен және  ата-аналарымен судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз", - деді Жетісу облысы ТЖД өкілдері.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова