"Бишімбаев - қанішер". Бақытжан Байжанов сот залында эмоцияға ерік берді

"Бишімбаев - қанішер". Бақытжан Байжанов сот залында эмоцияға ерік берді
Фото: сот отырысынан кадр

Бүгін Астанада Салтанат Нүкенованың ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Қуандық Бишімбаев інісі Бақытжан Байжановтың бопсалап жүргенін, ата-анасының пәтерін қайтармай жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов Бақытжан Байжановқа "Бишімбаев қазір сізге қаржылай тәуелді екенін айтты. Сіз Бишімбаевтың ата-анасының пәтерін қайтаруға ниеттісіз бе?" деп сұрақ қойды. 

"Оның бұл іске түк қатысы жоқ, бірақ мен пәтерді қайтарып беремін. Маған оның пәтері керек емес. Қайдағы бір құжаттарды айтып отыр. Бишімбаевты тыңдасақ, жәбірленуші сол сияқты. Ол қанішер ғой", - деп жауап берді Байжанов. 

Кейін прокурор Байжановтың "қанішер" деген сөзін түсіндіріп кетуін сұрады. 

"Ол адам өлтірді. Сол кезде басқа Бишімбаев еді, қазір тіптен басқа. Ол жылап, "қолыммен істегенді мойныммен көтеремін, әке-шешемнің, балаларымның көзіне қалай қараймын" деген", - деді Байжанов. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек