"Құлыны өзенге түсіп кеткен". Түркістан облысында суға бата жаздаған малшы құтқарылды

"Құлыны өзенге түсіп кеткен". Түркістан облысында суға бата жаздаған малшы құтқарылды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында патрульдік полицейлер суға батып бара жатқан азаматты құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Патрульдік полиция батальонының инспекторлары Дәулет Сағынбаев пен Нұрғали Сапархан жігітті ажалдан арашалап қалды. Республикалық маңызы бар Сарыағаш – Жетісай – Жібек Жолы тасжолының 155-130 шақырымында кезекшілікке түскен полицейлер күндіз жол бойында адамдардың көмек сұрап тұрғанын байқайды.

Тәртіп сақшылары Сырдария өзенінде ағып бара жатқан адамды көреді. Еш ойланбастан көмектесуге кіріскен полицей Дәулет Сағынбаев суға секіріп түсіп, батып бара жатқан ер адамға жақындайды. Содан әріптесі Нұрғали Сапархан екеуі ер адамды сүйреп, жағаға алып шығады.

Мақтаарал ауданының тұрғыны мал бағып жүріп, құлынның өзенге түсіп кеткенін байқап, малын құтқарамын деп суға түсіп, батып кете жаздағаны белгілі болды. 

Қазір аман қалған тұрғынның жағдайы қалыпты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек