Атырау облысында төбелестен кейін 37 жастағы ер адам қайтыс болды

Атырау облысында төбелестен кейін 37 жастағы ер адам қайтыс болды
Фото: depositphotos.com

Атырау облысының тұрғыны төбелестен кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап. 

15 сәуірде Мақат аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына белгісіз ер адам хабарласып, бейтаныс екі адам сөзге келісе алмай жатқаны жөнінде хабарлаған.

Бұл хабарлама бойынша Мақат аудандық ауруханасына 1987 жылы туған аудан тұрғыны түрлі дене жарақаттарымен жеткізілген. Салдарынан ол ауруханада қайтыс болды.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, 2003 жылы туған күдіктіге қатысты соталды тергеп-тексеру басталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек