Судья Бишімбаевтың қорғаушысына ескерту жасады

Судья Бишімбаевтың қорғаушысына ескерту жасады
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановқа және өзге де қатысушыларға ескерту жасады.

"Мұндай жағдайларды болдырмау үшін алдағы уақытта процестің барлық қатысушысынан ҚІЖК нормаларын мүлтіксіз сақтауды, эмоцияларыңызға ерік бермеуді және төрағалық етушінің өкімдеріне бағынуды талап етемін", - деді судья Құлбаева.

Бұған дейін Бишімбаевтың қорғаушысы судьяның әрекеттерімен келіспейтінін айтты.

"Сіз сотталушының сөйлеуіне жол бермей отырсыз, бізге де сұрақтар қоюға мүмкіндік бермейсіз. Бұл біржақты процесс деп санаймыз. Барлығы Бишімбаевқа қарсы", - деп шағымданды бұған дейін адвокат.

Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаев сот отырысында інісі Бақытжан Байжанов туралы күтпеген нәрселер айтты. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова