Алматы облысында қар көшкіні қаупі сақталады - "Қазгидромет"

Алматы облысында қар көшкіні қаупі сақталады - "Қазгидромет"
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

4 өңірде гидрологиялық дабылды ескерту сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"4 облыста гидрологиялық дабылды ескерту сақталады. 16 сәуірге дейін Алматы облысында қар көшкіні бойынша дабылды ескерту күшінде болады. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердің деңгейінің көтерілуіне байланысты қарғын судың беткейден су жүруі ықтимал", - деді Алина Ысмағұлова ОКҚ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, 16 сәуірге дейін Жамбыл облысында таулы және тау етегіндегі аймақтарда өзендер арнасынан тасып, беткейлерден су жүруі мүмкін.

Сондай-ақ 17 сәуірге дейін Қостанай облысының солтүстік және солтүстік-батысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілу қаупі бар.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz