Павлодарды су басқаны туралы ақпарат тарады

Павлодарды су басқаны туралы ақпарат тарады
Фото: Pavlodarnews.kz 

Whatsapp желісі арқылы Павлодардағы Ертіс өзенінде су деңгейі күрт көтерілгені жайлы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Хабарлама мәтінінде Усолка шағынауданының жағалауындағы үйлерді жақын арада су басуы мүмкін екені жазылған. Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі өкілі хабарламалар жалған екенін мәлімдеді. 

Сондай-ақ, облыс қонақтары мен тұрғындарынан тек тексерілген дереккөздерге сенуді сұрайды. 

"Биылғы жылы жоғарғы Ертіс каскадының су қоймаларынан су жіберу көлемі былтырғыдан 50 пайызға артық жоспарланған, бірақ рекорд көрсеткіш емес", - деді департамент өкілі.

Мысалы, 2016 жылы көлемі әлдеқайда жоғары болыпты.

ТЖ департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, алдын алу дайындық іс-шараларын жүргізіп жатқаны белгілі болды. Мамандар бөгеттер тұрғызып, қап дайындап, су деңгейіне мониторинг жасап отырғанын хабарлады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова