Қарағандыда ер адам тұрғынға шабуыл жасаған

Фото: Видео кадры

Қарағандыда полицейлер жергілікті тұрғынға шабуыл жасады деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 13 сәуірде Қарағандының 15-шағынауданында болған. 43 жастағы ер адам пышақ жарақатымен емдеу мекемесіне жатқызылды. Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 47 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады", - деп хабарлады полиция департаменті өкілдері. 

Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек