Су тасқыны: республикалық маңызы бар 11 жол жабылды

Су тасқыны: республикалық маңызы бар 11 жол жабылды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Елімізде су тасқынына байланысты бірнеше халықаралық жол жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2024 жылғы 15 сәуірдегі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 9 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 5280 метр болатын су тасқыны болды. 5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 421 км) қозғалысқа шектеу қойылды, - делінген "ҚазАвтоЖол" таратқан ақпаратта. 

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 523 адам жұмылдырылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Ордабаев