Ақмола облысында автожол су астында қалды

Ақмола облысында автожол су астында қалды
Фото: ҚазАвтоЖол

14 сәуірде еріген су деңгейінің көтеріліп, республикалық маңызы бар тас жолды шайып өтуіне байланысты Атбасар бағыты бойынша көліктің барлық түрі үшін қозғалыс уақытша жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазавтожолға" сілтеме жасап. 

"14 сәуірде сағат 21:00-де Ақмола облысында су деңгейінің көтеріліп, жолды шайып өтуіне байланысты Көкшетау - Атбасар - 120-184 километр автожол учаскесінде және Максимовка кентінен Атбасар қаласына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".

Бұған дейін Атырау - Доссор - Құлсары - Ақтау жолында қозғалыс ашылған болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә