"Алтын құрсақты, көпті көрген асыл ана". Сәкен Майғазиев жаңа видеосымен оқырмандарын тәнті етті

МузАРТ тобының солисі, әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, оқырмандарын тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеодан өнер иесі анасын құшақтап, өткен оқиғаларды еске алып отырғанын көруге болады. 

Бұған Желі қолданушылары тәнті болып, әншінің анасына ұзақ ғұмыр тілеген. 

"Алтын құрсақты көпті көрген асыл анаңыз жүз жасасын. Осы кісінің бізге жолын берсін. Осылай әдемі қартаю әрбір ниет еткен жанға нәсіп етсін", "100-ден ассын. Аналарымыз аман болсын", "Керемет. Баланың Анаға деген махаббаты. Анаңыз жүз жасасын", "Апаның жасына жетуді Аллам бізгеде нәсіп етсінші", "Сәкен Анаңыз жүз жасасын. Қандай бақытты ана. Анаңыздың жолын берсін маған", "Сізге риза боламын, ананызға шексіз махаббатыныз үшін", - деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Зылиқа Нұрбекова есімді әженің видеосы тараған еді. Зейнеткер Сәкен Майғазиевтің өзі де, дауысы да әдемі екенін, оны көруді армандайтынын айтқан болатын. Сәкен Майғазиев өзін іздеп жүрген әжеге арнайы барды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ күнтізбесі мен астрономиялық білімі

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!