Құлсарыда сауда нысандары жұмысын бастады

Құлсарыда сауда нысандары жұмысын бастады
Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Құлсарыда сауда нысандары жұмысын бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың хабарлауынша, Құлсары қаласында қайтадан жұмысына кірісті.

Олардың қатарында 100 азық-түлік дүкені, 2 ірі супермаркет, 3 ірі көтерме сауда базары бар. Оған қоса аудан орталығындағы 20 шақты дәріхана да жұмысын бастаған.

"Қаладағы қоғамдық тамақтану орындары да қалыпты жұмысқа кірісті. Тәулік бойы жұмыс істейтіндері де бар. Сауда орындарының иелерімен келісіп, бағаны негізсіз қымбатсытпауды қадағалап отырмыз", - деді Гүлнафис Аязберікқызы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина