Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы: 7 мыңнан аса қапшық төселді

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Ырғыз ауданының Мамыр, Нұра және Белшер ауылдарында жасанды үйінді бөгеттерін нығайту бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр, 7 000-нан астам қапшық төселді.

Фото: ТЖМ

Уақытша орналастыру пункттерінде 1 604 адам, 6 372 адам туыстарынның үйлерінде орналасты, 20 214 бас мал қауіпсіз орындарға айдалды.


Фото: ТЖМ

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз