Су тасқынынан 108 мыңға жуық адам құтқарылды

Су тасқынынан 108 мыңға жуық адам құтқарылды
Фото: Massaget.kz / Nurzhan Rysbekov

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны бойынша ақпаратты бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат бойынша, азаматтық қорғау қызметтері 107 119 адамды, оның ішінде 38 457 баланы құтқарды. 11 674 адам үйлеріне оралды.

Уақытша орналастыру пункттерінде 7 414 адам, оның ішінде 3 173 бала бар.

9,3 миллион текше метр еріген қар суы сорылды, 1,9 млн. астам қапшық және 1,2 миллион тонна инертті материал төселді. 3 мыңға тұрғын үй мен шамамен 2 мың аула аумағынан су бұрылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина