Павлодар облысында шетелдіктер заңсыз жұмыс істеген

Павлодар облысында шетелдіктер заңсыз жұмыс істеген
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеген 10 шетелдік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көші-қон қызметкерлері "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қоқыс полигонында заңсыз жұмыс істеген Өзбекстанның 10 азаматын анықтады.

"Көрші республиканың азаматтары осы қоқыс полигонында заңсыз жұмыс істеді, осылайша көші-қон саласындағы заңнаманы бұзды. Олардың жеке басын анықтау және тексеру іс-шараларын жүргізу үшін Павлодар қаласы ПБ-ға жеткізді. Азаматтарды анықтағаннан кейін олар заңнамада белгіленген шеңберде жауапкершілікке тартылады. Жұмыс беруші ҚР заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 100 АЕК айыппұл салынды", – дейді Павлодар қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Ғомар Шабиденов.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда 7 шетелдік қоқыс төгетін жерде заңсыз жұмыс істегені хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова