Елімізде су тасқынына байланысты қанша жол жабылды?

Қазавтожол су тасқынына байланысты қанша жол жабылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоға сілтеме жасап. 

"2024 жылғы 13 сәуірдегі жағдай бойынша сағат 14:00-де күннің жылынуына және қардың күрт еруіне байланысты халықаралық және Республикалық маңызы бар автожолдарда 5 облыста (Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО, ШҚО) еріген су жалпы ұзындығы 4460 метр болатын 7 учаскеде жол бөлігі арқылы ағатыны анықталды", - делінген жауапта. 

7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО, ШҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 543 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!