Кешкі асқа тауық еті мен сүзбе жеуге бола ма?

Жатар алдында ішкен ас жеңіл, дегенмен тойымды болуы керек. Бұл анықтамаға тауық пен сүзбе сәйкес келетіндей көрінеді. Алайда дәрігерлердің пікірі мүлдем басқа, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.

Таңғы асқа дәрігерлер ақуыз бен күрделі көмірсуларға бай тағамдарды жеуге кеңес береді. Осылайша адам ұзақ уақыт тоқ жүреді.

Ал гастроэнтеролог Елена Шевченко кешкі асқа ақуызға бай тағамды жеуге болмайды деген пікірде. Оның сөзінше, мұндай тағамды күннің бірінші жартысында жеу керек.

Кез келген ет, соның ішінде құс еті ұзақ уақыт бойы сіңетін ақуыз саналады, сондықтан адам дұрыс ұйықтай алмайды.

"Еттің бір бөлігі асқазанда 8-10 сағат болғаннан кейін қорытылмаған ақуыздарды ашыту процесі басталады. Нәтижесінде адам ұйықтайды, бірақ ағзасы ұйықтамайды", - деп түсіндірді Елена Шевченко.

Сол себепті сүзбе және басқа сүт өнімдері кешкі асқа жарамайды екен.

Ал диетолог Галина Ильенко кешкі тамақты ұйқыға дейін 2,5-3 сағат бұрын ішу керек деп санайды. Кешкі асқа жақсы сіңетін, тез қорытылатын және асқазанда қалмайтын тағамдарды таңдаған жөн. Оның сөзінше, бұл анықтамаға тауық пен сүзбе сәйкес келеді.

Маман кешкі асқа тауық қана емес, тіпті бұзау мен күркетауық етін де жеуге болатынын айтады. Оларды қуырмай пісірген дұрыс.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!