Денсаулық сақтау министрлігі тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі судың сапасы туралы айтты

Денсаулық сақтау министрлігі тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі судың сапасы туралы айтты
Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігі тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі судың сапасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі министрлікке сілтеме жасап. 

Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандары су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі халыққа берілетін судың сапасына мониторинг жүргізіп жатыр.

Мониторинг барысында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен санитариялық-химиялық, микробиологиялық талдауларға сынамалар алынды.

Су тасқыны басталғаннан бері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау көздерінен 6 мыңнан астам ауызсу сынамасы алынды.

Жалпы, сәйкес келмейтін сынамалар бойынша көрсеткіш 2022-2023 жылдардың қорытындылары бойынша орташа республикалық жылдық көрсеткіштен аспайды.

Сәйкес келмейтін сынамалар бойынша жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы ұйымдары ауыз судан қорытынды санама ала отырып, қауіпсіз ауызсу беруді, су құбыры желілері мен құрылыстарын жууды және дезинфекциялауды жүргізу жөнінде басқарушылық шаралар қабылдау үшін хабардар етіледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек