Ақтөбе облысында 960 отбасы біржолғы төлем алды

Ақтөбе облысында 960 отбасы біржолғы төлем алды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысында 960 отбасы біржолғы төлем алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап. 

Біржолғы әлеуметтік төлем Ақтөбе қаласы және Әйтеке би ауданында 300 мың теңге, ал қалған аудандарда 100 АЕК (369 мың теңге) болып белгіленген.

Бүгінгі күні Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккендерді жан-жақты қолдау, қажетті көмек беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақтөбе өңірінде көлемді жұмыстар атқарылып жатыр. 

Соның бірі - қиын жағдайға тап болған отбасына біржолғы әлеуметтік төлем беру. Облыста 1272 отбасы бірреттік көмекті алуға өтініш білдірген. Жұмыспен қамту бөлімдері 12 сәуірде 960 отбасыға 313 миллионнан астам сома төледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек