Маман тұздықтардың көпшілік білмейтін қауіпті тұстарын айтты

Маман тұздықтардың көпшілік білмейтін қауіпті тұстарын айтты
Фото: pixabay

Денсаулық пен сымбат үшін кейбір тағамдардан және тұздықтардан бас тартқан жөн. Бұл туралы диетолог Эсма Володина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Маман ең алдымен қантты барынша азайтуға, ең дұрысы рационнан мүлдем алып тастауға шақырды. Оның сөзінше, бұл өнімнің тағамдық құндылығы жоқ әрі ағзаны "бос" калориямен толтырады. Қантты жөнсіз пайдалану артық салмаққа, теріге, тіске және шашқа әсер етеді, сондай-ақ, иммунитетті төмендетеді. Артық мөлшердегі қант психоэмоционалды бұзылыстарға, ашуланшақтыққа, күйзеліске әкеледі. Әсіресе, оны көп мөлшерде тұтыну қауіпті саналады.

Володина рационна шұжықтарды да азайту керек екенін, өйткені ол тоқ ішек қатерлі ісігінің қаупін арттыратынын жеткізді. Шұжықтарды канцерогенділігі бойынша күнделікті қолдануды темекі шегумен салыстыруға болады екен. Сонымен қатар, дүкендегі гастрономиялық өнімдерде тұз бен май көп, бұл жүрек-қан тамырлары жүйесіне қауіпті. Яғни инфаркт пен инсульт қаупін арттырады.

Сарапшының пікірінше, тазартылған күнбағыс майын, майонезді және басқа тұздықтарды қолдану денсаулыққа кері әсер етеді.

"Май қыздырылған кезде канцерогендер түзіледі. Сондай-ақ, тазартылған күнбағыс майының құрамында транс майлар бар, оларды қолдану семіздікке, атеросклерозға және жүрек ауруларына әкеп соғады. Дүкеннен алынған майонез, кетчуп және басқа да тұздықтарда көптеген жасанды қоспа, бояғыш, тұз және қант бар", - деп түсіндірді маман.

Еске салайық, бұған дейін диетолог ең пайдалы тұздықты атады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова