Біле жүріңіз: сұйық майдың көмегімен мынадай дақтарды кетіруге болады

Біле жүріңіз: сұйық майдың көмегімен мынадай дақтарды кетіруге болады
Фото: ru.freepik.com

Кез келген асүйде сұйық май бар. Оны үй тазалау кезінде қолдануға болатынын білдіңіз бе?

Ағаш жиһаз

Егер ыстық сорпасы бар тәрелкені немесе ыстық шайы бар стақанды ағаш үстел немесе тумбочканың үстіне байқамай қойып қалсаңыз, әдетте оның бетінде дақ қалып қояды. Оны сұйық май мен сірке суынан тұратын қоспамен сүртуге болады. Ол үшін қоспаны қағаз майлыққа тигізіп, оны зақымдалған жердің үстіне бір сағатқа қалдырыңыз. Содан соң ол жерді сүртіп алыңыз.

Шойын таба

Егер сіздің шойын табаңыз құрғақ болып көрінсе және сұр қабыршақпен қапталып тұрса, ол жаңа болып көрінуі үшін сұйық май мен ірі тұзды қолдануға болады. Ол үшін сұйық май мен тұзды бірдей мөлшерде араластырып, сол қоспаны шойын табаға шағып, жайлап уқалаңыз. Содан соң табаны ыстық сумен шайып алыңыз да, құрғақ болғанша сүртіңіз.

Қолға бояудың жұғуы

Шығармашылықпен айналысқаннан кейін немесе жөндеу жұмыстарынан соң қолға жұғып қалған бояуды кетіру қиын. Келесіде бояу жұққан қолыңызға сұйық май құйып, қолыңызды бес минуттай уқалаңыз. Содан соң қолыңызды сабынмен жуыңыз. Оған қоса, майдан кейін қолыңыздың терісі қосымша ылғалдандыруды қажет етпейді.

Жапсырма қалдықтары

Кейде жапсырмаларды алған кезде одан жабысқақ із қалып қояды. Мысалы, балаңыз шкафқа жапсырма жабыстырған болса, одан қалған ізді сұйық маймен сүртіңіз. Сұйық май ол жерді жұмсартады, содан соң пластикалық қырғышпен оны кетіру оңай болады.

Оқи отырыңыз: Сорпа тұзды болып кетсе не істеуге болады?

А. Жапатова